АЛТЫНОРДА
Новости

Стамбулда өзбектің радикал имамын атып кетті

Кейбір ақпараттар бойынша, Стамбулда өзбек имамы, Өзбекстан билігінің оппоненті, радикалдық исламшыл саналатын Шейх Абдулла Бухоровты атып кетті.

Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, Шейх Абдулла Бухоров қаланың Зейтинбурун ауданындағы үйінің маңында оқ тиіп жараланып, бір сағаттан cоң ауруханада көз жұмған.

Имам Өзбекстанның Әндіжан облысында туған. Ол 10 жыл бұрын Өзбекстаннан кетіп қалып, Стамбулда медресе ашқан. Кейбір деректерге қарағанда, Бухоров Түркиядағы сегіз діни мектепті басқарып келген.

Қазан айында Бухоров «Өзбекстан оның серіктерін қуғындап, өзін іздестіріп жатқанын» мәлімдеген. Діни уағыздарында ол Сирия президенті Башар Ассадқа қарсы соғысып жатқан исламшыл содырларды жақтап сөйлейтін.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26736550