АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақтың еліміздегі демографиясы

Қазақтың еліміздегі демографиясы2014 жыл басына қазақ ұлтының Қазақстан Республикасының жалпы санындағы үлесі бойынша 65,52 % құрады.Бұл ресми деректер,ресми емес деректер бойынша баяғыда 70% болды.Себебі статистика агенттігінің санағына ілікпеген қазақтардың саны көп болмаса, аз емес. Ал ресми деректер бойынша және картадағы қою жасыл боясына қарап Қазақстанда пайыздық көрсеткіш бойынша қазақтар ең басым облыстар: Қызылорда облысы – 95,78% қазақтар; Атырау облысы – 91,84% қазақтар. Сондай-ақ Маңғыстау облысы – 89,58%; Ақтөбе облысы – 81%; Батыс Қазақстан облысы – 74,29%; Астана қаласы – 74,29%; Оңтүстік Қазақстан облысы – 72,80%; Жамбыл облысы – 72,21% және Алматы облысы – 69,71% қазақтар. Бұл көрсетілген тоғыз өңірді «қазақ облыстары» деп атауға болады. Қазақтардың пайыздық көрсеткіші Шығыс Қазақстан облысында – 58,40%; Алматы қаласында – 56,11%; Павлодар облысында – 49,79%; Ақмола облысында – 49,21%; Қарағанды облысында – 49,14% құрап отыр, бұл 5 өңірді «аралас өңірлер» деуге болады. Ал қазақтар ең аз тұратын Қостанайда қазақтардың үлесі – 38,76%, Солтүстік Қазақстан облысында одан да төмен – 34,19%. Картаға қарап, бұл екі облысты «орыстілді облыстар» деуге болады. Осы екі облыста ғана қазақтардың саны тым өспей жатыр, сан бойынша қазақтар екінші орында келеді. Осыған назар аудару керек. Қалған 14 өңірде (Астана мен Алматы қалаларын қосқанда) қазақтар сан бойынша бірінші орында. Облыс орталықтарымыз және үлкен қалаларымыздағы тұрғындардың бет бейнесіне назар аударатын болсақ – қазақтар жас ұлт екенін, ал орыстілділер қарт екенін аңғаруға болады. Әсіресе, Астана – халқының құрамы бойынша жастар қаласы. Көшеге шыққан адам негізінен жастарды, жас жанұяларды және жас бөбектерді көреді. Көреді де, көңіліне қуаныш ұялайды.Ағайын, елімізде көбейіп, өне берейік!

Gaziz Tortbayev facebook парақшасынан алынды.

kerey.kz


Толығырақ: http://alashainasy.kz/tuit/kazaktyin-elmzdeg-demografiyasyi-60301/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі