АЛТЫНОРДА
Новости

Республикашылар сыртқы саясатқа қандай өзгеріс әкеледі?

АҚШ Конгресі өкілдер палатасындағы республикашылар лидері Джон Боехнер жаңадан сайланған мүшелердің ант беру рәсімі алдында. Вашингтон, 6 қаңтар 2015 жыл.Қаңтардың 6-сы күні республикалық партия АҚШ Конгресінде екі палатаның билігін қолына алды. Бұл өзгеріс енді басқа елдерге де ықпал етуі мүмкін

Соңғы сегіз жылда бірінші рет Конгрестің екі палатасын бірдей өз бақылауына алған республикашылар өткен жылдың қараша айында аралық сайлауда жеңіске жеткен еді. Енді олар АҚШ сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін қамтитын сенаттың үш комитетін: халықаралық қатынастар, қарулы күштер мен барлау ісіне ықпалын жүргізеді. Алдағы айларда бұл өзгерістен не күтуге болады?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Теннесси штатынан шыққан республикалық Боб Коркер Нью-Джерсилік демократ Роберт Менендестің орнын басты. Жұмыстағы қарым-қатынастары жақсы Коркер мен Менендестің сыртқы саясатқа қатысты ұстанымы алшақ емес. Екеуі бірлесіп әзірлеген Ресейге қарсы жаңа санкция салу мен Украинаға көбірек әскери және әскери емес көмек беру туралы заң жобасын Сенаттың халықаралық қатынастар комитеті бірауыздан қабылдаған.

Сондай-ақ, олар сириялық көтерілісшілерді қаруландыру және Асад режиміне қару-жарақ пен мұнай сатуға санкция салу туралы заң жобасын да бірге жасаған. Менендес пен Коркер екеуі бірдей «Конгресс Обама әкімшілігінің Ирак және Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) жасағына қарсы кампаниясына рұқсат етуі керек» деп мәлімдеген.

АҚШ сенаторлары Боб Коркер (оң жақта) және Роберт Менендес. Вашингтон, 27 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама қарашаның 5-і күні бұл мәселе бойынша Конгреспен «өзі айналысатынын» айтқан болатын.

Былтыр шілде айында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты өткен келіссөзден үш күннен соң Коркер Конгрестің оған қатысты көзқарасын білдіретін заң жобасын ұсынған.

Сенат тыңдауында Коркер АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриге ИМ тобына қатысты Ақ үй әкімшілігінің стратегиясы туралы өткір сұрақтар қойған еді.

Менендес «бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясы армяндарды қырып-жойып, геноцид жасады дегенді америкалықтар ресми мойындайды» деген ұстанымы үшін америкалық армяндардың қолдауына ие болды.

Ал Коркер болса Менендестің 2014 жылы ұсынған, геноцид жасағанын мойындамайтын Түркияны сынап, сүргінді еске алуға шақырған қарарына қарсы дауыс берген еді.

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР

Сенаттағы республикалық партия өкілдері Джон Маккейн (Аризона штатынан) Қарулы күштер ісі жөніндегі комитетін, ал Джим Инхоф (Оклахома штатынан) – қоршаған орта мен қоғамдық жұмыстар комитетін басқаруға дайын.

Сенатор Джон Маккейн (сол жақта) мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 18 қыркүйек 2014 жыл.

Маккейн АҚШ әскери басқыншылығын қатты қолдайды және президент Обаманың Украинадағы, Сирия мен Ирак және басқа елдерге қатысты сыртқы саясатын қатаң сынайды.

Бұл комитеттің қазіргі төрағасы Карл Левин (Мичигандық демократ) де Украинаға қорғаныс үшін әскери көмек берейік деп АҚШ әкімшілігімен келіспей қалған болатын, бірақ ол Маккейн тәрізді өткір сыншы емес.

Маккейн қыркүйек айында болған тыңдауда қорғаныс министрі Чак Хейгел мен штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы Мартин Демпсиді қысымға алып, Башар Асад әскерилері шабуыл жасаған кезде Вашингтон Сириядағы оппозициялық күштерді қолдай ма деп сұраған еді.

Ресей президенті Владимир Путинді «жемқор, жазалаушы және зорлықшыл» билік орнатты деп айыптайтын Маккейн «америкалықтар Украинаға болымсыз көмектесіп жатыр және Обама әкімшілігі Путинге қарсы қатаң шара қолданбай отыр» деп күйінеді.

БАРЛАУ ІСІ

Джорджия штатынан шыққан республикашыл сенатор Саксби Чамблисс лауазымынан кеткенде оның орнын Солтүстік Каролинадан сайланған республикашыл Ричард Берр басады. Берр АҚШ Орталық барлау басқармасын әркез қолдап келді, ал осы лауазымнан кетіп бара жатқан демократ Дайан Файнштейн аталған басқарманы «Сенатқа тыңшылық жасады» деп айыптаған еді.

АҚШ сенаторы Ричард Берр.

АҚШ сенаторы Ричард Берр.

​Politico сайты «Дайанның бұл мәселеге қатысты күдігі болуы мүмкін, бірақ біз болған жағдайға қатысты толық есеп алдық» деген Бердің сөзін келтірген.

Сондай-ақ, ол бұрыннан жақсы күзетілетін барлау комитетінің құпиясын қатаң сақтауды қолдайды. «Барлау комитетінде болған жағдай көпшілік алдында талқыланады дегенге өз басым сенбеймін» деді ол тілшілерге наурыз айында.

«Ол заңды бұзуға жатады. Үміткерлерді былай қойып, менің жолым туралы айтсақ – қоғамдық барлау ісін тыңдау ешқашанда болмайды» дейді Берр.

Люк Джонсонның мақаласын ағылшыннан аударған – Динара Әлімжан.

http://www.azattyq.org/content/republicans_us_foreign_policy_committees_congress/26780864.htmlАҚШ Конгресі өкілдер палатасындағы республикашылар лидері Джон Боехнер жаңадан сайланған мүшелердің ант беру рәсімі алдында. Вашингтон, 6 қаңтар 2015 жыл.Қаңтардың 6-сы күні республикалық партия АҚШ Конгресінде екі палатаның билігін қолына алды. Бұл өзгеріс енді басқа елдерге де ықпал етуі мүмкін

http://www.azattyq.org/content/republicans_us_foreign_policy_committees_congress/26780864.html