Интерпол Украинаның экс-президенті Виктор Януковичті іздеу жарияланғандар тізіміне қосты. Украинаның бұрынғы президентінің есімі онлайн тізімге де енген. Януковичке «қызметін асыра пайдаланды, мемлекет мүліктерін заңсыз пайдаланды» деген айып тағылған.
Янукович 2014 жылы Еуропа Одағымен сауда және интеграциялық келісімдердер бас тартқан. Кейін 2014 жылы ақпанда Киевте оның шешіміне қарсы шаралар ұйымдастырылған соң Янукович Ресейге қашып кеткен еді.
Киев Янукович қандай да бір елде ұсталса, оны Украинаға тапсырады деп сенеді.
Бүгін Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков осы елдің бұрынғы премьері Николай Азаров пен экс-президенттің ұлы Александр Янукович те Интерпол тізіміне енгенін мәлімдеген. Бірақ олардың есімдері Интерпол сайтына әлі шыққан жоқ.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150112/330/330.html?id=26789782