АЛТЫНОРДА
Новости

Пентагон аккаунттарына хакерлік шабуыл жасалды

АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығының Youtube және Twitter-дегі аккаунттары бұзылғанын Пентагон растады.

Пентагон өкілінің айтуынша, әскери мекеме аккаунттары өздерін радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымына жақтас деп танытқан хакерлердің шабуылына ұшыраған. Ресми өкіл кибер шабуыл «ыңғайсыздық тудырғанымен, ешқандай қауіп төндірмейтінін» айтады.

Өзін «КиберХалифат» деп атаған топ қаңтардың 12-сінде орталық қолбасшылықтың Twitter-дегі парақшасына «Мейірімді Алланың атымен Киберхалифат кибержиһадын жалғастырады» деген мәлімдеме жазып қалдырған.

Топ бұған қоса АҚШ әскерилерінің «Қытай мен Солтүстік Кореяда жоспарлап отырған» әскери жоспарлары туралы да жазған.

«КиберХалифат» қаңтар айының басында америкалық бірнеше ақпарат құралының Twitter парақшаларына хакерлік шабуыл жасағаннан кейін Федералдық тергеу бюросының (FBI) тергеуіне ілінген.

Топ бұдан өзге FBI мәліметтер базасына да хакерлік шабуыл жасағанын айтып, болашақта АҚШ-қа қарсы мұндай шабуылдар тағы да жалғасатынын мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150113/330/330.html?id=26790761