Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың ғашығы Ирина Шейк Қазақстан азаматы Бекмұхамбет Ниязымбетовпен кездесіп жүр екен. Бұл туралы осы аптада шет елдік басылымдар жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Оған дәлел ретінде батыстық басылымдар Ирина Шейк пен белгісіз бір ер азаматтың Гавай аралдарындағы суреттерін алға тартып отыр. Бұл суретте ресейлік сәнқой іш киімдердің жарнамасын жасап тұрғаны түсірілген. Ал оның қасында бір ер азамат болған. Сол кадрға түсіп қалған ер жігітті жұртшылық Қазақстан азаматы Бекмұхамбет Ниязымбетов деп жүр.
Бірақ, кейін мұның бәрі де өтірік екені анықталды. Оның бәрін тілшілер әдейі жасап отырғаны белгілі болды. Дегенмен, Криштиану Роналду мен Ирини Шейк арасындағы махаббат хикаясы аяқталғаны туралы әлі де сөз болып жатыр. Алайда, тілшілердің бұл ақпаратын футболшының өзі де, оның ғашығы да әлі растаған жоқ.
— Таңнан кешке дейін телефонымда тыныштық жоқ. Алдымен бұл жағдайды достарым сұраған еді, кейін тілшілер сұрауға көшті. Бір қызығы, хабарласқандардың барлығы маған сенбейді. Шынымды айтсам, бұл қыз мені қызықтырмайды. Себебі, ол менің таңдауымдағы қыз емес. Өте арық, — дейді Астана қаласының тұрғыны Бекмұхамбет Ниязымбетов «Экспресс К» басылымына берген сұхбатында
Kz.troniks.kz басылымының хабарлауынша, Ниязымбетов Астана қаласында сырлы кірпіштерді сататын кәсіпкер. Оның Ирина Шейкке мүлде қатысы жоқ. Суреттегі ер азамат Шейк жұмыс істейтін компанияның қызметкерлерінің бірі дейді басылым. Ал, бейресми ақпарат бойынша, кадрға түсіп қалған азамат Азия аймағындағы ірі модел компаниясының дизайнері екен.
Автор: Уалихан Қосанбай
Толығырақ: http://alashainasy.kz/football/ronaldudyin-gashyigyi-kazakstandyik-azamatpen-kezdesp-jur-me-61337/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі