АЛТЫНОРДА
Новости

Харьковте жарылыстан он екі адам зардап шекті

Украинаның Харьков қаласында қаңтардың 19-ында сот ғимараты маңында болған жарылыс салдарынан 12 адам зардап шеккен. Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Маркиян Любковски Facebook-тегі парақшасында Харьковтегі жарылыс «теракті» деп бағаланып отырғанын хабарлады.

Харьков қаласы қақтығыс жүріп жатқан Донецк және Луганск облыстарынан қашықта орналасқан. Бірақ соңғы апталарда елдің әр аймағында, оның ішінде Харьков, Одесса, Мариуполь және Киев қалаларында жарылыстар болып жатыр.

Желтоқсан айында Одессада алты жарылыс болған. Харьковтен басқа қалалар ресейшіл сепаратистер бақылауындағы облыстарға жақын орналасқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150120/330/330.html?id=26802968