АЛТЫНОРДА
Новости

Бас прокуратура: 198 материал экстремистік деп танылды

Қазақстан бас прокуратурасы 2014 жылы елде 198 ақпараттық материалды экстремистік деп тауып, сот орындары оларды таратуға тыйым салды деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бұл жайында бүгін бас прокуратураның алқа жиынында сөйлеген бас прокурор Асхат Дауылбаев хабарлаған.

«2014 жылы біз алғаш рет экстремистік мазмұндағы ақпараттарды сот шешіміне дейін, құзыретті органдарға нұсқау беру арқылы бұғаттай тұру тәжірибесін қолдандық» деді Асхат Дауылбаев.

2014 жылы бас прокуратура 100 мыңнан астам интернет ресурстың экстремистік сипаты бар-жоғын тексеріп, 703 интернет ресурсының материалдарын заңсыз деп таныған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150123/330/330.html?id=26809311