АЛТЫНОРДА
Новости

«Ұлтараздықты қоздыру» айыбы бойынша сот басталды

Алматының Алатау аудандық сотында бүгін «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валованың ісі бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот отырысы жабық түрде өтіп жатыр. Отырысқа қатысуға келген журналистер сыртта күтіп тұр.

Алатау аудандық сотында қылмыстық кодекстің «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру» бабы бойынша айып тағылған Татьяна Швецова-Валованың үстінен сот процесі қаңтардың 12-сі басталуы тиіс болатын. Бірақ сол кезде Шевцова-Валова адвокатының сотқа келмеуіне байланысты отырыс кейінге шегерілген.

Қылмыстық істі қозғауға Шевцова-Валованың әлеуметтік желідегі жазбалары себеп болған. Жазбаларда «ұлттық ерекшелікке қатысты кемсіту» барын айтқан бірнеше қолданушы билік орындарына шағым түсірген.

Қаңтардың 12-сі соттан шыққаннан кейін Шевцова-Валова журналистерге әлеуметтік желілердегі жазбаларды өзі жазбағанын және тағылған айыпты мойындамайтынын айтқа

http://www.azattyq.org/archive/news/20150123/330/330.html?id=26808987