Радикалды «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымы Талибанның Пәкістандағы бұрынғы командирі Хафиз Саид Ханды өзінің Пәкістан мен Ауғанстандағы басшысы етіп тағайындады. Бұл жайында ИМ ресми өкілі Абу Мухаммад әл-Аднани Twitter-де жариялаған аудио жазбасында мәлімдеді.
40 жастағы Хафиз Саид Хан бір кездері Пәкістандағы бірнеше содырлар тобын біріктіретін «Техрик-е Талибан Пәкістан» ұйымының ресми өкілі болған.
Бұдан бірнеше апта бұрын Пәкістандағы Талибанның бірнеше басшысы «Ислам мемлекеті» ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадиге адал екендігін мәлімдеп, ант берген. Бұған дейін Ауғанстандағы Талибанның бұрынғы жетекшісі Мулла Рауф Гильменд уәлаятында ИМ қатарына адам тартумен айналысып жүр деген ақпарат та тараған.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150129/330/330.html?id=26819123