Украинада коммунистер көсемі Владимир Лениннің тағы үш ескерткіші құлатылды. Запорожье облысының Бердянск қаласында тұрған екі ескерткішті өздерін «Украина патриоттары» деп атайтын әскери киім киген бір топ адам құлатты. Запорожье маңында тұрған тағы бір ескерткішті де қарулы бір топ адам қиратты.
2013 жылдың соңында Киевте үкіметке қарсы шерулер басталып, президент Виктор Янукович биліктен кетірілгеннен бері Украинада Лениннің ондағна ескерткіші құлатылып, қиратылды. Бұл процесс сәуір айында елдің шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында қақтығыс басталған соң үдей түсті.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150129/330/330.html?id=26819062