АЛТЫНОРДА
Новости

Құралайдың қарызы

231296dd104e8563e561f53d928002feТанымал модельер Құралай Нұрқаділова мен «Қазкоммерцбанк» соттасып жатыр, – деп хабарлайды ult.kz. Құралай Заманбекқызының сөзінше, банк 2006 жылы алған несиесінің үстіне қосымша 44 мың доллар қосып қойған. Бұл іс жақында Жоғарғы сотқа да жетті. Нұрқаділова мен банк арасындағы ақша дауы екі жыл бойы жалғасып келеді. Осы уақыт бойы банк «Нұрқаділова келісімді сақтамады» деп 2006 жылы 20 жылға берілген 641 900 АҚШ долларының несие шартын мерзімінен бұрын сот арқылы бұзуға тырысып бағуда.
Сән маманы болса банкті «қайта құрылымдау мен қапиталдандырудан кейін оның негізгі қарызына 44 мың АҚШ долларын заңсыз қосты» деп кінәлайды. Жоғарғы сот қарызгердің жағына шығып, Алматыдағы барлық сот инстанцияларының жұмысынан көптеген заң бұзушылықтарды анықтап, істі қайта қарауға жіберді.
Таласқа түсіп жатқан сома да аз емес, егер келісімшарт бұзылатын болса, Нұрқаділова бірден банкке 100 млн теңгеден астам ақша төлеуі қажет. Нұрқаділованың соттағы өкілі Евгений Прицкер сөзіне қарағанда, Құралай Нұрқаділова 2012 жылы банкке деген берешегінің азаймай, керісінше, көбейіп бара жатқанын көрген соң несие қарызын жабуды тоқтатқан.
Несие шарты бекітілген күннен бастап банк оның негізгі қарызының сомасын үш рет арттырған. Бұдан алдын ала құйылған 13 миллион теңге де құтқармапты.
«Соттасып жүріп, сомасы 13 миллион теңге болатын кем дегенде жеті төлемді банктың қарыз көлемін есептеу кезінде ескермегенін анықтадық», – дейді ол.
Осыдан кейін бұл ақшаның Нұрқаділова әкеліп төлеген соң екі аптадан кейін барып қарызды жабуға арналған қаражат ретінде қабылданғаны белгілі болды. Алайда банк қайта есептеу жүргізбеген. Сотта тағы бір қызық факті анықталды: валюталық шоттан қарызды жабу конвертациясыз, ұлттық валюта күйінде төленіп отырған.
Неге бұлай болғанын «Қазком» да, Ұлттық Банк те түсіндіріп бере алмапты. Нұрқаділованың несиесіне қатысты істе Евгений Прицкер «мерзімі өтіп кеткен қарыздың нақты сомасын есептеу мүмкін емес екенін» атайды.
Бұл мәселені, тіпті сот-экономикалық сараптама мамандары да шеше алмаған. Басында бизнесін дамытамын деп қарыз жүгін мойнына алған Құралай Нұрқаділова болса, өзінің танымалдылығы мен соттың әділдігі бұл жағдайды екі жаққа да тиімді жолмен шешіп береді деп ұзақ уақыт сеніп келіпті. «Егер осы істе Құралай жеңіске жетсе, онда көптеген банктердің басына қара бұлт үйірілгелі тұр» – дейді Евгений Прицкер.

http://jasqazaq.kz/