АЛТЫНОРДА
Новости

«Наурыз айында барлық дәмханалар ас мәзіріне наурыз- көжені енгізу керек» дегенге қалай қарайсыз?

©Нұрғиса Елеубеков (фото)Құрманғали УӘЛИ, Мәжіліс депутаты:

– Жалпы, тамақтану орындары дас­тарқан мәзіріне наурызкөжені тек наурыз айында ғана емес, барлық уақыт­тарда кіргізуі керек. Сондықтан оны бір күнге немесе бір айға шектемей, барлық уақытта дастарқан басында тұруы тиіс. Десек те, наурыз айында барлық кафе, мейрамханаларға наурызкөже жасап қоюды міндеттеп қойғаны­мыз жөнсіз болар. Бірақ мұны барлық дәмхана иелері дұрыс түсініп, ұлттық құнды­лықтарымызды ұлықтауға шөкім­дей болса да атсалысып, осы идеяны Ұлыстың ұлы күні – төл мерекеміз қар­саңында іліп әкетіп, өздерінің ас мәзіріне енгізіп қоятын болса, қандай тамаша болар еді. Өйткені дертке дауа сусын тек жылқы, түйе сүтінен жасалынатын қымыз немесе шұбатпен шектелмейді. Ағарғаннан әзірленетін ас атаулы­ның қатарында – айран, шалап, көже сусындары да бар. Ендеше, осындай адам денсаулығына оң әсер ететін сусындарды насихаттауды жолға қоюымыз керек. Бірақ, өкінішке орай, ұлттық өнім­де­рі­міздің парқын, нарқын әлі де толық сақ­тай алмай отырмыз. Ұлттық сусын­дарды ұлықтауды тек Алматы облы­сы­ның әкімі Серік Үмбетов қана жақсы ұйым­дас­тырып жүр. Бір Талдықорғанның өзін­де ұлттық тағамдарды ұсынатын 25-тен аса қы­мызханалар бар. Оның ішінде нау­рыз­көже де, бидайкөже де, ұлттық тағам­ның неше түрі сатылады. Неге осы тәжірибені барлық облыстарда қолға алмасқа?! Бұл – біріншіден ел­ге жұмыс орны, екіншіден — табыс көзі, үшін­шіден салауатты өмір салты болар еді.

Мұса АЙТЖАНОВ, Қазақ тағамтану институтының профессоры:

– Әрине, қазақтың жаңа жылында еліміздегі барлық дәмханалар өздерінің ас мәзіріне наурызкөжені енгізіп қойса, құба-құп болар еді. Өйткені оның адам ағзасына пайдасы зор. Мен сізге бір-ақ мысалын айтайын. Қайта өнген бидай немесе жүгерінің құнарлылығы 10-12 пайызға дейін артады. Өңделген жүгері дегеніміз не? Мәселен, жүгеріні суға салып, көлеңкеге қояды. Біраз уақыттан соң, су сіңген сол жүгеріні құрғақ жерге қойса, жүгеріден түйін шығады. Ал ол жай түйін емес, бойына бар дәруменді жинаған пайдалы түйін. Міне, осындай жүгеріні көжеге қосу арқылы тағамның құнарлылық деңгейі артады. Наурыз көженің құрамында В1, В2, РР, Е, А, ақуыз және аминоқышқылы бар. Көжені ішкен адамның иммундық жүйесі жақ­са­рады. Онымен қоса, ағзада жинал­ған артық-ауыс шлак­тарды шы­ғаруға кө­мек­теседі.

Қиябек БЕКБЕРДИЕВ, «Қазақ сусындары» ЖШС-ның директоры:

– Бұл – керемет идея. Егер барлық кафе, мейрамханалар төл мерекеміз­дің қарсаңында наурызкөжені өздерінің ас мәзіріне енгізіп қойса, ол ха­лық­тың қызығу­шылығын туғызып, ұлттық сусын­дарымызға деген сұраныс арта түсер еді. Оның үстіне, ұлттық тағам­дардың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Тіпті мен тек дәмханаларға ғана емес, ауруха­наларға да енгізуді жөн деп санаймын. Онда қазірше айран мен сүт қана береді. Неге осыны ұйымда­стыр­масқа? Бірақ мұны іліп әкететін басшылар болса ғой, шіркін. Өкінішке қарай, бізде ұлттық сусындарға деген көзқарас өте нашар. Есесіне, елімізде «Кока-кола» мен «Фан­талар­дың» жарнамасы самсап тұр. Олар­дың адам ағзасына зиян екендігін, неше түрлі химиялық қоспалар қосаты­нын мамандар қанша көтерсе де, әлі де одан арылу тыйылмай тұр. Біз қазір ұлттық сусындардан «Нау­рыз көже», «Бидайкөже», «Нұркөже­лерді» өнді­реміз. Олар экологиялық таза, табиғи өнім. Бұған ешқандай хи­мия­лық қоспа­лар қосыл­майды. Осы са­лада жүріп бір байқа­ғаным, ұлттық су­сын­дардың бүй­рек, жүрек, өкпе ауруларына қарсы айтар­лықтай оң ықпалы бар екен. Тек соны елге түсіндіріп, насихаттауымыз керек.

«Алаш айнасы»

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/nauryiz-ayyinda-barlyik-damhanalar-as-mazrne-nauryiz—kojen-engzu-kerek-degenge-65695/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі