АЛТЫНОРДА
Иносми

Airbus А-320 ұшқыштарының бірі кабинадан шығып кеткен

eyrbas_a_320_Құтқарушылар Францияның Альпі шыңында ұшақ апатынан қаза тапқандардың алғашқы мәйіттерді тасымалдай бастады.
Апат алдында Airbus А-320 ұшқыштарының бірі кабинадан шығып кеткен
Бұл туралы француз полициясының өкілі мәлімдеді. Бірақ ол неше адамның денесі шығарылғанын нақтыламады. Осының алдында жандармерия іздеу жұмысының тоқтатылғанын және бүгін қайта жанданатынын айтқан болатын.
Ал “Нью-Йорк Таймс” газеті лайнерді басқарған 2 ұшқыштың біреуі кабинадан шығып, ішке қайта кіре алмағанын жазды.

Бұдан басқа, Финляндияның Көлік қауіпсіздігі агенттігінің авиация бөлімі басшысының мәлімдеуінше, әуе кемесі төмен құлдилаған уақытта ұшқыштар 8 минут бойы ес-түссіз болған.

Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Альпі шыңында құлаған лайнерде негізінен Германия, Франция, Испания азаматтары, сонымен қатар 3 қазақстандық болған еді.

Источник: 24.kz