АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БАЙҚОҢЫРДАН АЛДАҒЫ 2 АЙДА ЖЕТІ ҒАРЫШТЫҚ ҰШЫРЫЛУ ЖОСПАРЛАНДЫ

скачанные файлыБайқоңыр ғарыш алаңынан ұшыру жоспарына сәйкес, 2015 жылдың сәуір-маусым айларының аралығында «Ресейғарыш» жеті ғарыштық ұшыруды жоспарлап отыр.
Статистикаға сәйкес, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі ұшыруға кем. 2014 жылдың екінші тоқсанында Ресей Байқоңырдан тоғыз рет зымыран ұшырған.
Ұшыру кестесіне сәйкес, Байқоңырда таяу уақытта зымыранның ұшырылуы 2015 жылдың 28 сәуіріне белгіленген. Бұл күні орбитаға «Союз-2.1А» зымыранының көмегімен «Прогресс М-27М» көліктік жүк кемесі аттандырылады.
Келесі күні, 29 сәуірде MexSat-1 мексикалық байланыс жерсерігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылуы белгіленген.
РФ Қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін жерсерігі бар тағы бір «Протон-М» зымыран-тасығышын 19 мамырда ұшыру жоспарланып отыр.
Ғарышкерлердің кезекті экспедициясы ХҒС-ына «Союз ТМА-17М» кемесімен 2015 жылдың 26 мамырында шығады.
Одан кейін, маусым айының соңына дейін «Inmarsat-5 F3» (31 мамыр) жерсерігі, «Экспресс-АМ8» байланыс жерсерігі (18 маусым TurkSat-4B ғарыш аппараты (30 маусым) бар үш «Протон-М» зымыран-тасығыштарын ұшыру жоспарланған.

http://zhebe.com/i