[:kz]
17 наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚНРДА басшысы Мадина Әбілқасымова осындай маңызды оқиғаға лайықты киініп, еуропалық үлгіде ЕҚДБ вице-президенті Ален Пиумен кездесуге Париждегі жоғары сән үйінің курткасымен келді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Мадина Әбілқасымова Сент-Лоранның екі жақты жолақты блейзерін киіп, Алан Пиюмен «Қазақстанның қаржы нарығындағы ағымдағы жағдайды, оны одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтарын» талқылады.
Ал, Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялардың кесірінен Қазақстан экономикасы да зардап шегіп отыр. Қазақстанның 2022-2023 жылдардағы ЖІӨ өсімі жылына 4%-дан -0,5-1,0%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Ал девальвациялық процестерге байланысты жылдық инфляция 9-10 пайыздан асуы мүмкін.
Бірақ «Қазақстанның қаржы нарығындағы ағымдағы жағдай» Әбілқасымованың гардеробына ешқандай әсер етпеген сияқты — Farfetch сәнді интернет-дүкенінде Сент-Лоранның күртелері 2594 долларға сатылады.
[:]