[:kz]
Шынарбек Қабиев желіге сол түнгі клубта «Адай» күйіне билеп жатқан жартылай жалаңаш қыздардың видеосын жүктеп, осы оқиға үшін әкімшілік қызметкерлерінің халықтан кешірім сұрауын талап еткен болатын.
Атырау қаласындағы «BLACKBERRY» түнгі клубының реконструкциядан кейiнгі ашылу салтанатында орын алған жайтқа байланысты клуб әкімшілігі қазақ халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz, әлеуметтік желі қолданушысы Шынарбек Қабиевтің фейсбук парақшасынасілтеме жасап.
«Көтерілген мәселе бойынша Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлына, Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиевке алғысымды білдіргім келеді. Араға 5 минут уақыт салмай, жағдайдың ақ-қарасын анықтап, дер кезінде шешімін алды. Мейрамxана әкімшілігі болған жағдайға өкініп, кешірім сұрады. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Азаматтарға раxмет! Өзімізді өзіміз түземесек, сырттан келіп ешкім жаны ашымас» делінген жазбада.
Еске сала кетсек, Шынарбек Қабиев желіге сол түнгі клубта «Адай» күйіне билеп жатқан жартылай жалаңаш қыздардың видеосын жүктеп, осы оқиға үшін әкімшілік қызметкерлерінің халықтан кешірім сұрауын талап еткен болатын.
Бұл сорақылық тамыздың 30-ынан 31-іне қараған түні болған. Жартылай жалаңаш қыздардың Құрманғазы бабамыздың әйгілі «Адай» күйіне жай би емес, стриптиз билегені ватсап желісі арқылы кең тарап кеткен-ді.
[:]