АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Адамның өмірімен ойнауға бола ма?»: Саят Медеуов туралы жалған ақпарат таратқандар ел ашуын тудырды[:]

[:kz]

 

Белгісіз біреулер жол апатына түскен әнші Саят Медеуовтің «қайтыс болғаны» туралы желіде жалған ақпарат таратқан. Бұл жайт әртістің достарының ашуына тиген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Расылхан досына қатысты тарап кеткен «қаралы хабарды» естіген бойда ашуға ерік берген. Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, Саят Медеуовтің өлімі жайлы жалған ақпарат таратқандарға шүйлікті. Сонымен қатар, ол жол апатына түсіп, ауруханада жатқан әншіге тезірек ортаға оралуын тіледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

«Біз Саят екеуміз өнерді бір бастағанның қатарындамыз. Талай гастрольдік сапарларда бірге жүрдік. Саят болып қалыптасқаннан бастап қазіргі Саятпен айырмашылығы ешқашан болмаған. Бұл ойымды бүкіл өнердегі жандардың барлығы құптайтынын білемін. Себебі ол сондай жақсы жан, қазақилығы басым, достыққа адал. Талай сырласқан кездеріміз де көп болды. Мына видеоны көріп жүрегім зырқ ете түсті ғой. Қалай ғана қолдары барып жазды екен? Халықтың ақкөңілдігін пайдаланып өнер адамдарымен елдің арасын ажыратып, өз пайдасына асырып жатқандар қаншама?! Адамның өмірімен ойнауға болмайды. Аман жүрейік. Алла саған шипа берсін досым! Ортамызға амандықпен орал», — деп жазды ол.

 

kaz.nur.kz

 

[:]