АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әдемі болу үшін үсті-басына құрт жағып алған балақайлар жұртты күлдірді[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде беттеріне құрт жағып алған бүлдіршіндердің видеосы тарап, желі қоданушыларының ішек-сілесін қатырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Беттеріне құрт жағып алған балалар жұртты күлкіге қарқ қылды

Фото: Видеодан скриншот

 

Видео Іnstagram-дағы insta_azil парақшасында жарияланған.

Аяла мен Махамбет есімді бүлдіршіндер бастарына құрт жағып алып, мәз-майрам.

«Үйден алып жақтық. Бірінші Махамбет жақты», — дейді Аяла.

Бүлдіршіндер мұны әдемі болу үшін жаққандарын жеткізген.

Желі қолданушылары балалардың тәтті қылықтарына риза болып, жылы ықыластарын білдірген.

«Тәтті балапандар», «Альгинатная маска», «Мамаларынан сосын таяқ жеген шығар», — деп оқырмандар пікірлер қалдырған.

Видеоның қайда және қашан түсірлгені белгісіз.

 

[:]