АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әдемі келіншектен көзін алмай сілейіп тұрған еркектің сілекейі ағып барады[:]

[:kz]

Көкөніс дүкені. Алдымда тұрған әдеміше жас келіншек қызанақ таңдап тұр. Сатушылар ерлі-зайыптылар. Месқарын еркектің көзі әдемі келіншекте. Тіршілік жүгінен әбден жүнжіген әйелі байғұс, әдемі келіншекке қызанақ салысып, қапталдаса жанталасып жүр.

Әдемі келіншектен көзін алмай сілейіп тұрған еркектің сілекейі ағып барады. Тозығы жеткен әйеліне көмектесуді ұмытып, есі ауып кеткен.

Әйелі байғұс күйеуінің қылығын көрсе де, байқамағансиды. Жыным келгені сонша, лайы қатқан картошканы алып, еркектің сілекейі шұбырған аузына кептете салғым кеп кеткені?!

 

Сая Қасымбек 

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

 

 

 

 

[:]