АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Құдай қатынның рушылдығынан сақтасын…[:]

[:kz]

Еркектің рушылдығы дұрыс нәрсе емес, әрине..

Бірақ құдай қатынның рушылдығынан сақтасын..

Ауылдағы төренің бір жігітіне шыққан әпкеміз, өзінің қызы Жанысқа тигенде «Қараға шықты, есіз қалғыр. Сүтімді көкке сауам. Үйге кіргізбеймін» деп үйіне хабаршыларды кіргізбей қырғын салған..

«Қара» дегені жәй қара емес, Төле бидің ұлы Жолан атамыздың ұрпағы ғой…

Айтайын дегенім, жігіттер қатындарыңа шежіре ұстатпаңдаршы..

Бүгін президент сайлау туралы айтып қалды..

Бір ғана рудан тұратын бздің ауылда аудандық мәслихат сайлауына кейінгі жылдары қолдарына шежіре ұстаған жас келіндер араласатын болып жүр..

Солардың арқасында ауылдағы кімнің «жақын», кімнің «арырақ-арыжат» екенін біліп қалатын боп жүрміз.

 

Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан 

[:]