АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ағамның жасын көрдім»: Қайрат Нұртас Елбасыға жүрекжарды жазба арнады[:]

[:kz]

Қайрат Нұртас желіде Қазақстанның тұңғыш президенті, Нұрсұлтан Назарбаев жайлы жантебірентерлік жазба жариялады. Әнші Елбасының көз жасына ерік берген сәтіне куә болғанын еске алып, одан қандай әсер алғанын Instagram парақшасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

«Адам өтірік күлуі мүмкін, бірақ өтірік жылау өте қиын. Көз жасындай таза, көз жасындай мөлдір не бар мына ғаламда?! Мен әйел емес ер адамның және екінің бірі емес тұңғыш Елбасымыздың көз жасы туралы айтқым келіп отыр. Кейбіреулер үлкен кісі көңілшек деп ойлауы да мүмкін, мен бірақ мүлде олай ойламаймын
Концерттің бірінде Бекболат Тілеухан ағамыздың әніне жазылған «Елім менің» әнін бірнеше адам болып орындадық. Сонда «Бабамның қаны, анамның жасы» деген жерін мен орындап жатып, кенет Елбасына көзім түсіп кетті. Мен «анамның жасы» деген жерде қарашығын толқытып, мөлдіреп тұрған ағамның жасын көрдім.Өзімнің де көмейіме өксік тығылып, барынша білдірмей, әнді жалғастырып кете бердім
Бұл екі қатар неге ол кісінің екі көзін жасқа толтырды деп көп ойландым. Шынында мынау даламызда бабамыздың қаны мен анамыздың жасы тамбаған жер кемде-кем шығар. Солардың қаны мен жасының өтеуіндей осы тәуелсіз мемлекетті құрып, соның төрінде сол бақытты ұрпақтың шаттық әні адамды толқытпай тұра ала ма?
Бәлкім біз білмейтін, біз сезіне алмайтын қаншама оқиғалар ол кісінің жанарының жағалауын соққылап жатқан шығар. Көздің жасы я қуанда, я қуанғанда шығады ғой. Бұл лайым қуаныштың, шүкірліктің жасы болғай» , — деп жазды әнші.
 
  

[:]