АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айбек Нұғымаров екі дүркін Әлем барысы атанды[:]

[:kz]

Финалда қазақстанның екі балуаны — Айбек Нұғымаров пен Ерсұлтан Мұзафаров кездесті.

Белдесу 4 минутқа созылды. Алғашқы минутта Айбек ескерту алып, Ерсұлтанның еншісіне бір ұпай жазылды.

Мұзафаров екінші минутта әдіс жасап, ұпайын еселей түсті. Бірақ, үшінші минуттың ортасына қарай Айбек есепті теңестіруге жақындап, тартыс қыза түсті.

Ақыры, Нұғымаров төртінші минутта таза жеңіп, жеңісті жұлып алды.  Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан бес балуанның екеуі — Руслан Әбдіразақов пен Нұрдәулет Жарылғапов алғашқы аайналымда жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Чемпионат Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.
 

[:]