[:kz]
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің әріптесі, Мәжіліс депутаты һәм экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның орнын босатып, отставкаға кетуін талап етіпті.
«Қалыптасқан ахуалды ескере отырып, ең алдымен осы елдің азаматы ретінде ол өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. Назарбаева «Жаңа Қазақстан» тобының құрамына кірген жоқ. Қазақстанда қалыптасқан авторитарлы жүйені Назарбаеваның аты-жөнімен байланыстырады. Күні кешегі оқиғалар да осы жүйеге деген қарсылықтан туындады», – дейді Сарым.
Мәжілісменнің пікірінше экс-президенттің қызы ел алдында сенім вотумын жоғалтқан. Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасы басталғалы бері Мәжіліске келген жоқ. Ресми ақпарат бойынша ол коронавирус жұқтырып, төсек тартып жатыр. Бейресми мәлімет бойынша Назарбаев қаңтар дүрбелеңі басталған тұста Дубайға ұшып кеткен.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]