АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Айдын Рахимбаев 5 миллиард теңгенің есебін берсін!» — заңгер[:]

[:kz]

Отандық құрылыс саласындағы ең алпауыт саналатын BI group компаниясы тұрғызған Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында басқасын айтпағанның өзінде асхана мен қарапайым кір жуатын арнайы бөлменің өзі жоқ болып шыққан. Ең сорақысы, палаталарға оттегі жүргізілетін құбырлар да тартылмаған,

Елдің ауызынан жырып жүріп, қыруар қаржы жұмсалған Шымкент қаласындағы жаңа аурухана заман талаптарына сай болмай шықты. Отандық құрылыс саласындағы ең алпауыт саналатын BI group компаниясы тұрғызған бұл жұқпалы аурулар ауруханасында басқасын айтпағанның өзінде асхана мен қарапайым кір жуатын арнайы бөлменің өзі жоқ болып шыққан. Ең сорақысы, палаталарға оттегі жүргізілетін құбырлар да тартылмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі заңгер, Ұлттық кеңестің мүшесі Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасына жазған.

«Шымкент қаласында салынған жаңа аурухана , не үшін заң талаптарына сай салынбаған?!
5 миллиард теңгеге салынған аурухананың ішінде АСХАНА, кір жуатын арнайы бөлме (прачечная) жоқ. Палаталарға оттегі жүргізілетін құбырлар неге тартылмаған?

Алматыда Реанимациялық бір бөлменің өзіне, тыныс беру аппаратымен қосқанда 19 миллион кетті деп есеп берді! Сол себепті қымбат деген еді! Ал бізде қанша бөлмеге тыныс алу аппараты қойылды? Бүкіл кеткен шығынды Айдын Рахимбаев халықтың алдында ашық жазып есеп берсін!», — дейді заңгер. 

Айгүл Орынбек аталмыш ауруханадағы кемшіліктер мен былықтарды осыған дейін де көзге шұқып айтып берген. Бірақ ештеңе өзгермеген. 

Менің анам ауырғанда, жаңа салынған аурухана ішінде тыныс алу аппараты және реанимация бөлімі жоқ деген еді! Содан бері 20 күндей өтті, әлі ештеңе өзгермеген сияқты. Анасынан, баласынан, бауырынан айрылып жылап жүрген қазақ!

Бұл аурухана біздің қаражатымызға яғни халықтың салығына салынды!
Енді халықтың алдында тиын тиынына дейін есеп берсін Айдын Рахимбаев!
Құры төрт қабырғаны тұрғызып, лентасын қиып, жоғарыға фото отчет беріп жүре беретін уақыт бітті!

Елдің басына індет келіп, осындай кезде құлқын пайдасын ойлап жүрген кәсіпкерлер болса, жемқор шенеуніктерден ешқандай айырмашылықтарың жоқ!

Уа халқым, үндемей отырмай сұраңыздар Рахимбаевтан. Аурухана неге талапқа сай салынбаған?», — деп атап өткен. 

Естеріңізде болса, Айгүл ханым бұған дейін де 5 миллиардқа салынған ауруханасында реанимационный болмағандықтан анасын жатқыза алмай жүргенін айтып жазба жариялаған болатын.

«Жаңа ауруханада реанимационный жоқ, ескіге алдырамыз деді. Осылай сандалып жүргенімізге алты сағаттан асты! Жаңа ауруханада реанимация жоқ болса, оны көрмеге салып қойдыңдар ма?

Президент Қ. Тоқаев мырза! Біздің Шымкент қаласындағы аурухана сіз келіп лентасын қию үшін салынған екен. Ол жақта реанимация жоқ! Бір-біріне жұмсап, бір-біріне лақтырып, «облысқа қараймыз», «қалаға қараймыз» деп қарапайым халықтың итін шығарады! Осылай жүргенде адам өліп кетсе ше?», — деп жазған болатын. 
 

 

[:]