АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйел бетке арналған иісмайдың кесірінен «зомбиге» айналды[:]

[:kz]

Ұлыбритания тұрғыны гормондық иісмайды қолданып, оның терісіне кері әсер еткенін айтты.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Лондон тұрғыны Лаура Барнетт 2010 жылы клиникаға барып, көзінің айналасындағы терінің құрғағанына шағымданған екен. Сол кезде дәрігерлер 45 жастағы әйелге «есекжем» диагнозын қойып, гормондық иісмай қолдануға кеңес беріпті. 

Арада бір жарым жыл өткеннен кейін әйел иісмайды жағуды тоқтатқан. Себебі ол уақыт өте келе әсер етпейтін болыпты. Күшті препараттан бірден бас тарту организмге жанама әсер етіп, Барнеттің денесі қызарып, құрғап, қыши бастайды. 

Әйел бетке арналған иісмайдың кесірінен «зомбиге» айналды

Дерт салдарынан әйелдің күйеуімен және ұлымен қарым-қатынасы бұзылыпты.

«Менің күйеуім бөлек ұйықтайтын болды. Түнімен өне-бойымды қасып шығатынмын. Ал күйеуім тек тыныштықта ұйықтай алады. Сонымен қатар терім қатты құрғап, қанай басады. Күн сайын төсектің үстіне шаңсорғышпен тазалайтынмын. Күйзеліске түсіп, ұйқым қанбай, шаршағандықтан жұмысқа зомби сияқты келетінмін», — дейді әйел. 

2018 жылдың қаңтар айында Барнетт дерматологтың көмегіне жүгінген. Қан талдауы оның шаң кенелеріне аллергиясы барын көрсетіпті. Сонымен қатар есекжем дертімен ешқашан ауырмағаны анықталды. 

Қазіргі уақытта әйел гормондық иісмайдан бас тарту синдромы мен аллергиядан арылу үшін тиісті ем қабылдап жатыр. Оның терісі ақырындап қалпына келуде.

Stan.kz

[:]