АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ернар Айдар жол апатынан кейінгі өмірі мен жұбайы жайлы сұхбат берді (видео)[:]

[:kz]

Белгілі әнші Ернар Айдар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының жаңа қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сұхбатында жол апатынан кейін өмірі қалай өзгергені жайлы, өзінің мінез-құлқы және киімге қанша ақша жұмсайтыны жайлы айтып берді. Еске салайық, Ернар Айдар 2017 жылдың сәуірінде жол апатына ұшыраған болатын. «Жол апатынан кейін өмірім өзгерді. Адамның өмірі секундта өзгереді екен. Көзім соған жетті. Сен басқа жақта боласың — ән де айта алмайсың, ақша да таба алмайсың. (…) Сол кезде кімнің кім екенін ажыраттым, бірақ ешкімнен безген жоқпын, жек көріп қалған да жоқпын. Ол да солай болуы керек шығар», — дейді әнші. Сондай-ақ, ол сұхбатында достық туралы не ойлайтынын айтып, жұбайы мен анасына қатысты сұрақтарға жауап берді.  

 

 Tengrinews.kz 

[:]