АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйелі күйеуінен жарты метрге биік болғанының арқасында рекорд орнатты (фото, видео) [:]

[:kz]

 

Ұлыбританияда ерлі-зайыптылар бойларындағы айырмашылықтың үлкен болуымен әлем назарына ілікті. Олар осы ерекшелігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына да енген деп хабарлайды vesti.ua сайты. Джеймс пен Хлоя Ластед Ұлыбританияда тұрады. Олар бір-бірін 2012 жылы кездестіріп, отбасы құруды ұйғарады. Бүгінде ерлі-зайыптылар бойларындағы үлкен айырмашылыққа бола Гиннестің рекордтар кітабына енген. 33 жастағы Джеймс актер және жүргізуші болса, 27 жастағы Хлоя — мұғалім. Джеймстің бойы — 109,3 сантиметр, ал оның әйелі Хлояның бойы — 166,1 сантиметр. Яғни, Хлоя күйеуінен 56,8 сантиметрге биік.

Фото: vesti.ua

«Мұндай боймен өмір сұру кейде қиын болып көрінеді. Десе де мен ел қатарлы барлық тірлікті жасай аламын», — дейді Джеймс. Ол ергежейліліктің сирек кездесетін түрлерінің бірі — диастрофиялық дисплазияға шалдыққан. Бұл — сүйек пен шеміршектің дамуына әсер ететін генетикалық бұзылыс. Ергежейлілігіне бола Джеймс күндердің бір күні үйленетініне мүлде сенбей келгенін жасырмайды. Бірақ 2012 жылы Олимпиада алауын туған қаласы арқылы алып өткен Джеймсті достары Хлоямен таныстыруды ұйғарады.

Фото: vesti.ua

Өз кезегінде Хлоя Джеймске ғашық болып қалғанында, мұны тіпті достарына айтуға жүрегі дауаламағанын алға тартты. Десе де қос ғашық бір-біріне деген үлкен махаббаттың арқасында 2013 жылдың соңында некелерін қидырады.

Екеуінің екі жасар Оливия есімді ортақ қызы бар. Олар қызының денсаулығында ешқандай кінәрат жоқтығын айтуда.

kaz.nur.kz

 

[:]