АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әйелім төрт баламмен тастап кетті»: Балаларын жалғыз бағып отырған қостанайлық тұрғын жан сырын ақтарды[:]

[:kz]

 

33 жастағы Айтан Мұқашев – көпбалалы әке. Ол үш ұл, бір қызын елорда шетіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жалғыз бағып отыр. Қостанайлық жігіттің сүйіп үйленген әйелі араға жылдар салып, отбасын тастап кеткен. Бүгінде Айтан төрт баласын ешкімге жәутеңдетпей, өзі тәрбиелеуде деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айтан Мұқашев Қостанай облысында дүниеге келген. Арқалықта өмір сүрген ол дұрыс жұмыс табылмағандықтан, нәпақа табу үшін Көкшетауға қатынап жұмыс істейді. Оның ойынша, әйелінің теріс әрекеттері осы кезде басталған. «Қостанайда командировкамен көп жүрдім. Сол жақтағы бастығым Арқалықтан болатын. Ол қалаға қайтып бара жатқанда, бар тапқанымды балаларға жіберіп отырдым. Бірақ ол менің тапқан жалақыма жарытып азық-түлік те алмапты. Боянып, сылануға жұмсап, қалғанын қашып кетуге алып қойған. Екеуміз сегіз жыл бірге тұрдық. Осы аралықта ол екі рет кетіп қалды», — дейді Айтан.

Бүгінде жалғызбасты әке елорда шетінен 90 мың теңгеге үй жалдап тұрып жатыр. Естуінше, әйелі басқа адамға күйеуге шығып кеткен. «Әйелім екі рет кетіп қалды. Бірінші рет үйден кеткен соң қайта келіп, кешірім сұрап, балаларға қарайтынын, тастамайтынын айтқан. Көпке ұзамады. Екінші рет кеткен соң одан мүлде хабар жоқ. Балаларын да іздеген емес. Арқалықта тұратын құрбысынан оның басқа біреуге күйеуге шығып кеткенін естідім

. Төрт бала өзіммен қалды. Одан алимент те сұрамаймын. Себебі, алимент алу үшін көп құжаттар реттеу керек. Соттағылар әйеліңді тауып алып кел дейді. Мен оны қайдан табамын? Ол бәрібір төлемейді. Қазіргі таңда балаларымды ешкімге жәутеңдетпей, өзім бағып отырмын. Мүмкін, қалаған тамағын, киімін алып бере алмай отырған шығармын. Бірақ балаларыммен бақыттымын», — дейді Айтан. Айтан Мұқашев көпшіліктен көмек сұраған жоқ. Десе де, редакция оның тұрмыс-жағдайының төмен екенін көргендіктен, көмек берем деушілер үшін реквизиттерді назарға ұсынады.

Кредитке байланысты Айтанның өз банк карточкасы бұғатқа түскендіктен, қарындасының реквизитін ұсынамыз

: Kaspi Bank 44 00 43 01 24 40 32 36

Тел номері: 8 747 810 52 14, Асия Құрманова

kaz.nur.kz

 

[:]