[:kz]
Атырауда жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан ер адам анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қазан күні полицияға 36 жастағы атыраулық әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлме қабырғасына жасырын камера орнатылғанын хабарлаған.
Жеке өмірге қолсұғушылық жасаған күдікті арызданған келіншектің күйеу баласы болып шықты. Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, ол әпкесінің үйіне жиі қонаққа кететін әйелін қызғанған.
Сол себепті, жасырын камера орнатып, тіпті жанына қалта қуаттағышын да жалғаған. 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады.
[:]