АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйгілі Неслихан Атагүл Қоянбаевтың шаңырағында қонақ болып қайтты (фото) [:]

[:kz]

 

Танымал қазақстандық кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев өз шаңырағында Түркияның басты жұлдызды жұбы Неслихан Атагүл мен Қадыр Доғыұлын қонақ етті. Әзілкеш әйгілі актерлермен бірігіп ортақ жоба түсіре бастағалы олармен жақсы достық қарым-қатынас орнатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ

. Нұрлан Қоянбаевтың Неслихан Атагүл мен оның жолдасын өз шаңырағына қонаққа шақырғаны туралы Instagram желісі арқылы белгілі болды.

Кинопродюсер тұркиялық жұлдызды жұпты өзінің Стамбұлдағы үйінде қонақ еткен. Әзілкештің жары қалың көпшілікке танымал актерлерге дастархан жайып, оларға қазақи қонақжайлылықты паш еткен. Қоянбаев көңілді отырыс кезіндегі фотомен бөлісіп, өз оқырмандарын таңғалдыра түсті. Желідегілер қазақстандық продюсердің Түркия жұлдыздарымен айырылмас дос болып кеткеніне тәнті болған.

«Үйіңде Түркия жұлдыздары отырған қандай керемет», «Енді Стамбұлға көшіп кеттіңіздер ме?» , «Жарайсың Нұрлан. Қарапайымдылығыңмен көптің жүрегін жауладың. Сол секілді Неслихандар да сенің сол қаситетіңе тәнті болған» , «Қандай керемет отырыс» , «Қатты көтеріліп бара жатырсыз» , «Жақсы дос болып кетіпсіздер. Мақтан тұтамын сізді» , «Бірге әлі талай жобаларды түсірулеріңізді нәсіп етсін» , — деп жазды қалың көпшілік. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бүгін бізге қонаққа @neslihanatagul мен @kadirdogulu, @sabitrakhimbayev пен @sandi.rakh келіп қуантты!!! Жуырда жаңа жоба! #шиелі photo by @alua_1411

Публикация от Koyanbayev Nurlan (@koyanbayevnurlan)

Еске сала кетейік, Нұрлан Қоянбаев «Қазақша бизнес» кино-картинасының кезекті бөлімін түсіру үшін Түркияға арнайы барған бойда әйгілі актриса Неслихан Атагүл мен оның жолдасы Қадыр Доғыұлымен танысқан болатын. Ол жұлдызды жұппен бірден жақсы қарым-қатынас орнатты. 

 

kaz.nur.kz

 

[:]