АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әйгілі Ванга жаңа 2018 жылға қандай болжамдар жасап кетті?[:]

[:kz]

 

Әйгілі сәуегей Ванганың жаңа 2018 жылға жасап кеткен болжамдарын NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.Ванганың айтып кеткен сөздеріне сенсек, 2018 жылы Жерге жатпланеталықтар қонып, алып топан су болады. Сәуегей Еуропа соғыс пен сырқаттардан зардап шегіп қана қоймай, Жерге қонған жатпланеталықтардың кесірінен топан су астында қалады деген пікірде.Осылайша жарты Еуропа су астына кетеді деп санайтын Ванга АҚШ-қа қатысты да болжам айтып кетті. Ол АҚШ-тың соғыстар мен экономикалық дағдарыстардан ыдырап кететінін болжаған.

Сәуегей Шығыс пен Батыс арасындағы соғысты да сөз еткен. Ванга Сирияда туындаған жанжал салдарынан екі әлемдік держава арасында қақтығыстар болатынын да көріпті. Бұл Ресей мен АҚШ немесе Қытай болуы мүмкін.

 

Ванганың пікірнше, Ресей гүлдене түседі. Ал ғалымдар үлкен серпіліс жасап, адамдар Күнге дейін ұшу мүмкіндігіне ие болады. Алайда табиғат пен экология қатты нашарлап, адамдар түрлі дертке шалдығатын болады деп болжады сәуегей. 

alashainasy.kz

[:]