АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Айгүл Елшібаева Қыдырәлі Болмановты мәдениет басқармасына қызметке қоюды ұсынды[:]

[:kz]

 

Айгүл Елшібаева билік басындағыларға Қыдырәлі Болмановты қызметке алуды ұсынды. Дәстүрлі әнші тәжірибелі продюсердің шенді қызметте қазақ үшін атқарар еңбегі зор деп бағалады. Әнші әріптесін нағыз патриот, ұлтжанды азамат деп мақтады. 

“Қарға бойлы Қазтуғаннан бойы биіктеу, осы жұрт Қыдекеңді біле ма екен?
Ұлттық идеология десек, Өзбекәлі Жәнібеков мырза есімізге түседі. Алматыда Иманғали Тасмағанбетов әкім болып тұрған кезде, Қыдырәлі Болманов мәдениет басқармасының басшысы қызметін атқарғанда тәуелсіздік алғалы Наурыз мерекесін жаңғыртып, қыран бүркітшілер құмай тазышылар, түйешілер, батыр тұлғалы қазақ жігіттерін атқа мінгізіп батырларымыздың әруағын аспандатты емес пе?

Қазақы көшпелі өмірін көз алдымызға әкеліп, тіпті ат пен түйенің артынан қалақ пен қалта алып, көшенің тазалығын ескеру де, көшпелі малдың жайын білетін қырағылығы ғой. Тәуелсіздік алғалы болмаған көшпелі өмір шеруін жасаған осы Қыдырәлі емес пе? Тәуелсіздік алса да, кешегі кеңес дәуірінің эстрадасына ұлттық жыраулық дәстүрімізді, жырымызды жаңғыртып, Нұрым жыраудың термесімен мойнында – сазсырнайы мен шаңқобызы бар, “Әруақ” деп аттандап термелеткен де Қыдырәлі Болманов еді”, – деді АЙгүл Елшібаева.

Әнші Болмановтың продюсерлік қырын да атап өтті. Оның Елизавета ханшайымның марапатын алғанын атап өтті. Этномузыканы әлемдік деңгейге көтергенін айтты. 

Сіз шоу-бизнестің әлемдік технологиясына этномузыканы енгізудің технологиясын жасадыңыз” деп еңбегі халықаралық деңгейде еленіп,
ханшайым Елизаветаның орденін алды. “Ұлытау”, Қарақат, “Бал-бала” қазақы ертегі кейіпкерлері ұлттық ойыншықтарды дәріптеу, “АБК” тобы бар, бұларды айтпағанда да, ұлттық мәдениетімізді жаңғыртудағы Алматыдағы Наурыз мерекесі мен Азия даусында орыстанған эстрадаға жыраулық дәстүрді енгізуі, ұлт мәдениетіне жасаған патриоттығы ғой. Өзім Сүгір жыраудың термесін эстрадаға салғанда, Елібайдың термесін әуелеткен Қыдырәліге Қыдеке Сүгірдің оригинал сөзімен термені эстрадаға салайын деп батасын алып алдынан өттім, құдайға шүкір, Сүгірдің термесін айтатын Айгүл атандым”, – деді ол.

Айтуынша, елдегі билік қазақ мәдениетін көтеру үшін осындай ұлтжанды азаматтарды қызметке тарту керек. Сонда ғана қазақтың әні, мәдениеті жаңғырады.

“Біз қазақ кейде қолда барда алтынның қадірін білмейміз. Өзі іскер, қазақтың дәстүр-салтын, мәдениетін болмысын білетін азаматтарды бағалай алмай жатамыз. Қыдырәлідей азаматтарды қазақтың мәдениетін, ұлттық идеологиямызды жаңғыртуда іскерлігін үкіметіміз неге пайдаланбасқа. “Темірді қызған кезде соқ” демекші, адам өлмейтін шайтан емес қой, іскер, шоу бизнес майталманы — Қыдырәлі Болмановқа неге мәдениет басқармалары қызметтен орын бермеске? Қыдырәлі Болманды осындай мәдениетке жасаған ұлтжанды қасиеті үшін құрметтеймін”, – деді дәстүрлі әнші.

Әншінің жазбасына продюсердің өзі жауап берді.

“Ниетіңе, құрметіңе рахмет, алтын қарындасым! Алла разы болсын! Маған деген құрметің өзіңе мыңдаған есе болып қайтсын!”, – деп жазды Болманов.

“Өте дұрыс. Қолдаймын əпке. Өз ұлтымыздың бір туар азаматы”, “Дұрыс айтасыз, халық ұмытып та кеткен шығар Қыдырәлі ағамыздың осындай елеулі еңбектерін”, “Келісемін. Алла қаласа болады”, “Қыдекеңнің еңбегі ұшан -теңіз! Тасада қалып, көрінбей жүр. Алматының мәдениет басқармасына сайласа жақсы болар еді”, “Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамас”, “Қыдырәлі мырзаның қазақ еліне сіңірген еңбегі зор ғой. Қазақты әлемге танытып жүрген Ұлытау жобасының өзі ше. Біздің қазақ барында бағаламайды. Өте іскер, білімді азамат. Елге берері, көрсетер қызметі көп”, деді желідегілер.

 

https://stan.kz/aygul-elshibaeva-kidirali-bolmanovti-madeniet-baskarmas-364679/

[:]