[:kz]
Айгүл Иманбаева продюсер құрбысына неге ренжулі? Екі бикештің достық қатынасы қандай? Әншінің көңілі кімдерге толмай жүр. Бұл жайлы Иманбаева ойын білдіріп өтті.
«Келесі жолы басты рөлді бермесе, Баянның киноларына түспеймін», — деп әзілдеді әнші.
Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Баянмен жақын қатынаста емес екенін, алайда достықты сақтап қалғанын айтты.
«Қазіргі уақытта қазан-ыдысымыз араласқан жақын қатынастамыз деп айта алмаймын. Себебі уақыт тапшы, әрі екеуміздің жеке өміріміз бар. Жазда, қыста он күндей бірге демалатынымыз бар», — дейді әнші.
Ол бүгінгі өз замандастарына көңілі толмайтынын айтты.
«Мен өз замандастарымның арасынан Гүлнұр Оразымбетовадан басқа ешкімнің бейнебаян түсіріп жатқанын көрген жоқпын. Бәрі басқа жұмыспен жүр. Өнер адамы болған соң, осыған уақыт бөлу керек меніңше», — дейі әнші.
[:]