АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты[:]

[:kz]

 

Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты. Мұндай қуанышты жаңалығымен әншінің өзі Instagram желісінде бөліскен, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Инстаграмм парақшасына өзінің көңіл қосқан жарымен бірге түскен фотосын салып, астына «Бізде енді осындай фото бар! Амандығыңды тілеймін, @baglan.imangazinov!», — деп жазған.

Айта кетерлігі, Бағлан Иманғазинов жоғары санатты театр актері.

Әншінің оқырмандары мен өнердегі достары екі жасты жарыса құттықтады: 

«Қызғаныштан тұз жалап, мұз түкірдім!», — деп жазған Сайлау Қамиев.

«Бақытты болыңдар. Той қашан?» — деп атап Нүркен Өтеуіл.

Бір қызығы, бұл жаңалыққа сенбей жатқан оқырмандар да бар екен.

sarsengul77 деген атаумен тіркелген бір қолданушы «Бағланның отбасы бар. Жəй бірге түскен сурет шығар», деп пікір қалдырған.

 

[:]