[:kz]
Қазақ эстрадасының жұлдыздары қарапайым тұрмыс пен тіршіліктен алыс екенін жасырмайды. Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева «Ел аузында» бағдарламасының тілшілеріне берген сұхбатында тамақ әзірлемегеніне, үй шаруасымен айналыспағанына 22 жыл толғанын айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі етті анасы үйреткендей мықты асатынын және енесі секілді палауды өте жақсы пісіретінін айтты. Алайда, қазіргі уақытта актриса үшін тамақ әзірлеу үлкен күрделілік туғызады екен.
«Кухняға кірмегеніме, үй жинамағаныма, тамақ істемегеніме тура жиырма екі жыл болды. Сондықтан кухняға қатысты бағдарламаларға шақырғанда мен бармаймын. Өйткені, икемім жоқ. Істесем бір кісідей істеймін, дайындаймын тамақты. Бірақ ол үшін психологиялық тұрғыда дайындық керек. Одан кейін оған көңіл бөлу үшін күн алу керек маған»,- деді Иманбаева.
Оның өмірдегі әріптесі Меруерт Түсіпбаева тамақты мүлдем дайындамайтынын, көбінесе кешкі асты мейрамханадан ішетінін мәлімдеді.
«Ешқашан тамақ әзірлемеймін. Мен қазір жалғыз тұрамын. Концерт, мерекелік шаралар біткен соң, мейрамханаға барып асымды ішемін», — деді ол. Сонымен қатар, әнші түсірілім кезінде, концерт болар сәтте сымбатты әрі көрікті болып жүру үшін тамақ ішпейтінін айтты.
«Арнау» тобының экс-солисі Салтанат Бақаева шығармашылығы мен келіннің қызметін, аяулы ананың міндетін қатар алып жүрген жандардың бірі. Әйтсе де, ол да жұмысбасты адам болғандықтан кей кездері үй шаруасы қалып қоятынын ашып айтты.
«Лағман тағамын жақсы әзірлеймін. Өзімнің бір-екі жақсы жасайтын тағамдарым бар. (…) Шынымды айтсам, съемкадан кейін тамақ әзірлеймін деп айта алмаймын»,- деді әнші.
[:]