АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айгүл Орынбек:»Бұзақылықты саясатқа айналдырудың қажеті жоқ!»[:]

[:kz]

 

Елімізде бұзақылық, қарақшылақтан тек Жанболат Ағаділ қайтыс болған жоқ! Елдің алдында жүрген чемпионның өзінен тапа тал түсте аяғынан пышақталып айрылып қалып отырған жоқпыз ба?

Неге үндемей отырсың, Дулаттың баласы жайлы көтермейсің бе? деп жатқандардың бәріне осы бір жазбамен жауап бере салайын!
Дулаттың аманатын сақтай алмадық!
Болмысы қалыптаспаған, бұғанасы қатпаған баланы саясатқа арластырмау керек еді!
Іші күйіп, әкесінен ерте айрылғанына жан дүниесі құса болып жүрген баланы, қот қоттап жан жағынан арқасынан қаққан адамдар құртты. Әкесі Дулат артымнан балаларымды өлтіріп қасыма көміңдер демеген шығар?
Қайғыдан қан жұтып отырған отбасының үйіне қайта-қайта барып алаулатып, балалардың ашу ызасын одан сайын қоздырғаннан тапқан жетістік осы!
Билікке деген кек, өшпенділік, әділетсіздік, әкеге деген сағыныш бала бойында жауыздық пен тентектікті қалыптастырады. Өзінің іс әрекетіне жауап беруден қалып, бүкіл әлемді жек көре бастайды. Жанболат пен оның бауырлары әкелері қайтқалы бері көріп, естіп жатқандарының бәрі саяси айқай, жалған ұран!
Бір жылда бір үйден екі өлік шықты мәз болдыңдар ма?
Үйіне барып құран оқып, сабыр айтудың орнына, әкеңді билік өлтірді деп өтірік жылап, саяси ойын ойнап, балаларды азғырғанның нәтижесі осы болды!

Білім, ал оқы шоқы, өзіңді қалыптастыр, аяғыңа нық тұрып ал, өздеріңді көрсететін уақыт келеді деп ақыл айтудың орнына!
Жас баланың арқасына тығылып, алдарыңа салып алып, әр митингіде жалаулатып жүрдіңдер!
Өз ойын толық жеткізе алмай, ашуға булыққаннан сөйлей алмай жылап тұрған баланың бейнесі осы уақытқа дейін көз алдымнан кетер емес!
Дулат өз балаларын осылай саяси қуыршаққа айналдыру үшін тастап кетті ме?
Өзіңнің шамаң келмейді ме өзгеріс жасауға, балаларды араластырып қажеті жоқ!
Әрбір нәрсенің сұрауы бар!

Ең болмаса тастап кеткен аманаттарын&rdquo саяси ойынға арластырмай сақтап қалуларың керек еді…
Енді бәрі тым кеш….
Жатқан жері жайлы болсын!!!

Пысы: Ақылыңды тығып қой, өзің қайда қалдың көмек бермейсің бе деп жазатындарға!
Әркім өзінің шамасы жеткенше өзгеріс жасайды!
Менің шамам осыған ғана жетіп тұр!

alashainasy.kz

[:]