АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айгүл Орынбек: Сәләфиттер телефонмен неке қидырып, төсектес болған соң қыздарды тастап кетеді[:]

[:kz]

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек дін атын жамылған сәләфиттер мәселесін тағы көтерді. Олардың құрығына ілініп қалған қыздарға кеңесін айтты. 

Бұған дейін заңгер «жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық?» деген тақырыпта жазба қалдырды. Бұған желіде қызу талқыға түскен видео ролик себеп болды. Видео қысқа белдемше киген қыз туралы. Заңгер роликке жауапты мамандарды айыптады.

Талақ құрбандарымен сөйлессең, «нақты баланың кімнен екенін білмеймін»- деп айтқанын үш төрт қыздан естідім.
Телефонмен неке қидырып, бір екі рет төсектес болып, талақ алып, қайтадан бір аптадан кейін басқасымен неке қидырғандар да бар.
Жеті баласымен тастап кеткен сәләфитті ақтап жатқан оңбағандарды оқып таң қалып отырмын.

Заңгер дін атын жамылып имансыз әрекет етіп жүргендердің арақ ішкен кәпірден еш айырмашылығы жоқ деп санайды. 

«Арақ ішкендер де тастап жатыр ғой, сәләфиттер тастаса не болады»- деп жазыпты бір екеуі! Арақ ішкен құдайды танымауы мүмкін, сақал қойып, балақ кесіп «құдай біреу»- деп құдайды танып жүрген есуас, арақ ішкен кәпірден (сәләфиттердің айтуы бойынша) еш айырмашылығы жоқ!

Өз құмарлығын, өз арам ойын діннің артына тығылып жасап жатқан миы уланғандар, болашақ жеті атасын білмей өсетін ұрпақты көбейтіп жатқандарын біледі ме екен? Жеті атасын білмейтін ұрпақ, ұлттың жойылуына алып келеді! Қыздар сақалды салафандарға сенбеңдер! Жұмаққа сәләфиттер апармайды!

Жұмақтың есігін сәләфиттер ұстап тұрған жоқ!
Сәләфиттердің қолында жұмаққа апаратын путевка да жоқ!
Олардың ертегісіне сенбеңдер қыздар!», — деп жазды ол желіде.

 

[:]