[:kz]
Танымал айтыскер ақын, талай әйелдің өмірін өзгерткен психолог дәріскер Айнұр Тұрсынбаева мәрттіктен де кенде емес. Әр кез ол қайырымды істерімен көзге түсіп тұрады. Жақында ол екі отбасыға баспана сыйлады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Айтыскер ақын сүйіншіні Instagram парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Түркістандық Алтынгүл ананың дәрменсіз жағдайы бәрімізді жылатты… 18 рет ота жасату оңай емес. Қолымызға тікен кірсе ойбайлаймыз ғой, шыны керек… Ал енді Алтынгүл мен Қайраттың даңғарадай үйі бар. Әуелі Аллаһ, сосын Сіздер берген садақаның көмегімен зәулім үй кілтін бердік. Үш балапанының қуаныштарын көрсеңіз ғой. Қандай сауап іс жасап жатқандарыңыз бір Жаратқанға аян. Баспана құтты болсын. Бұл 72-ші баспана, ағайын! 72-ші баспана құтты болсын! Ал кім бізге тілеулес екен? Ақ тілектеріңіз қайда???» — деп жазды әнші. Еске сала кетейік, 1 апта бұрын Айнұр Тұрсынбаева атыраулық тоғыз балалы Балбөпе есімді келіншекке баспана сыйлап қуантқан болатын. Айтыскер ақын бұл үйлерді «Айдың нұры» қайырымдылық қоры арқылы сыйлап келеді. Сапалы әрі үздіксіз электр жарығы
[:]