АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айнұр Тұрсынбаева Қазақстанның ауруханаларына 825 аппарат жеткізгенін айтып сүйінші сұрады[:]

[:kz]

Айнұр Тұрсынбаева 825 ауруханаға 825 тыныс алу аппаратын жібердік деп сүйінші сұрады. Бұған дейін ауырған халыққа көмек көрсету мақсатымен аппарат алған айтыскер біраз адамға үлгі болды. Айнұр ханымға қосылып біраз адам ақша жинады.  

Сауапты іске ат салысқан барша жанға алғыс айтқан Айнұр Тұрсынбаева бұл идеяның қайдан туғанын айтты.

 

«Менің жекеме дәрі сұрап жазған адам саны көп еді. Мен Түркияда жүріп, Сәтжанды ертіп алып дәріхана араладым. Дәріханада тұрған аппаратты көрдім. Бұл не десем, тыныс алу аппараты дейді. Сөйтсем өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен. Бағасы 200 мың теңгенің шамасында. «Ойбай-ау, бағасы қанша?!» «200 мыңның көлемі!» Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша ғой құрсын, осыны алайық дедім. Бағасы жақсы екен деп осы аппаратты алуға күш салдым. Менен кейін Дәулет қолға алды. Инстаграмды бір шулатып жатып 25 аппаратты сатып алдым. Ертесіне Қайрат Жолдыбайұлы хабарласып мән-жайды білді де ақша жинауды бастап кетті», — деді ол.

Тұрсынбаева егер дәрігерлер осындай аппарат керек деп ертерек айтқанда, біраз адамды аман алып қалуға болар ма еді деген ойын жеткізді. 

«Ауру күзде де қайталанады деп жатыр. Олай болмаса екен еп тілейміз. Бірақ қамсыз жатуға болмайды. Бір үйден 4 өлік шыққаны көрдім. Үш блогер жиналып 825 аппарат алғанда, кәсіпкерлер 30-50 аппарат ала алады деп ойлаймыз», — деді Тұрсынбаева парақшасында. 

Айтыскер алған аппараттарды елге жеткізу, тарату мәселесімен президентке үндеу жолдап, көмек сұраған еді. Шенділердің қолдауымен аппараттар межелі жерге жеткенін айтып сүйінші сұрады. 

«Кімнен қалай ақша жинағанымызды, қалай сұрағанымызы айтпай-ақ қояйын. Ақша аударға халыққа, қолдау көрсеткен барша жанға алғы айтамын. Алла дәрежеңізді өсірсін», — деді айтыскер.

[:]