АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Айнұр Тұрсынбаева: Оразалының ұлын жұмысқа тұрғызып, отау құрғанша өз қамқорлығыма алатын болдым[:]

[:kz]

 

Айнұр Тұрсынбаева Оразалы Досбосыновтың ұлы Нұрсұлтанға көлік алуға көпшілік көмектескенін айтты. Айтыскер бұдан әрі де Нұрсұлтанның үй болуына, жұмысқа тұруына барынша қолдау көрсететінін жасырмады.

«Оразалы ақынмын, 30-дан жасым аспаған» деп жырлаған Ораз досым 29 жасында қайтқанда Нұрайша 6-да, Нұрсұлтан 4-те еді… Артынша Ажар марқұм кетті… Екеуі де жол апатынан. Оразалымен ең көп айтысқан мен екенмін… Бірақ бір де бір рет ауыр сөз айтып көрмеген екен… Осыдан 2 күн бұрын түнгі сағат 2:00-де тікелей эфирде оқырмандарыммен сырласып отырғанмын… Телефон шыр етті. «Айнұр тәте, Оразалының баласы Нұрсұлтанмын ғой» дейді… Таксилетіп күн көруге 95 жылғы бір көлікті кредитке алып, оның тормозы істемей қалып, жолдың шетінде тұрған басқа көлікті соғып алыпты…

 

Анау 700 мың сұраған… Өз көлігінің төленбеген қарызы тағы бар… Осының бәрін оқырмандарым эфирде тыңдап отырды… Оразалының жанкүйерлері де табылды. «Ойбай, Ораздың баласын жаутаңдатпай көмектесейік» деп қайырымды қазағым 1 сағатта 3 миллиондай ақша жинап тастады… Соққан көліктің ақшасын да бердік, кредитті де жаптық… Қолында қалған 2 миллион акшаның үстіне өзіміз қосып осы көлікке бүгін апарып мінгіздік”, – деп жазды Тұрсынбаева.

Айтыскер Оразалыны еске алып, жылы естелігін жазды.


  •  

“Оразалы айтыстың алдаспаны еді… Айтыста талай рет әділетсіздіктің құрбаны болды. Талай рет жеңіп тұрған жерінен құлатып жіберді… Оған халық куә! Бірақ еңбек еш кетпейді екен… Сенің жақсылығың өзіңе қайтпаса ұрпағыңа қайтатыны рас екен… Аллаға шүкір! Осындай оқырмандарым барына… Ендігі кезекте Нұрсұлтанды жұмысқа тұрғызу… Үйленіп, отау құрып кеткенше өз қамқорлығымызға алатын болдық… Сынық телефонмен дұрыс сөйлесе де алмай жүр екен…

Біздің қор ертен су жаңа телефон да алып беретін болды… Әкесі марқұм тірі болса осылай жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық… Біз сені сағындық досым! Сенімен біз танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің.. Міне жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға… Сені халқың сағынды Ораз! Барлық атсалысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын…”, – деп жазды. 

“Денем түршігіп кетті ғой, көрегенділік деген осы болар. Алла көл-көсір сауаптан жазсын, Айкем. Жарайсың! Алла қолдасын!”, – деп жазды Қарақат Әбілдина. 

“Алла разы болсыншы”, – деп жазды Индира Расылхан.

“Алла разы болсын. Дарқан даладай көңіліңнен сенің. Алла тағалам еселеп бере берсін саған”, – деп жазды Айгүл Иманбаева.

“Маа Шаа Алла. Алла разы болсын, Айнұр”, – деп жазды Алтынай Жорабаева.

“Бәрекелді, жарадың”, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева айтыстың дүлділі болған марқұм әріптесі Оразалы Досбосынұлының баласына көлік сыйлады. Айтыскер су жаңа БМВ көлігінің кілтін ұстатты.

[:]