АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсәуле Бақытбектің енесі Диляра Қайдарова: «Қазақстанда әрбір үшінші еркек ракпен ауыратын әйелін тастап кетеді»[:]

[:kz]

Қазақстанның бас онколог дәрігері, белгілі продюсер Баян Алагөзованың құдағиы Диляра Қайдарова өз қызметінде неше түрлі оқиғалардың кездесетінін айтады. Соның бірі әйелінің рак ауруымен ауыратын білгеннен кейін күйеуі оны үш баласымен жалғыз тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бір қыз келіп жүр. Үш баласы бар. Күйеуі бар. Былай қарасаң, дұрыс адам сияқты. Бірақ сол әйелін тастап кетті. Әйел жаман стресске түсі. Соның әсерінен басқа жаңа ісік ауруы дами түсті. Қазір оны терапияға дайындап жатырмыз. Ол әлі де өз-өзіне келе алмай жүргенін айтады. Аурудан емес, күйеуінің тастап кеткеніне әлі сене алар емес. Еркек үш баласына да қарамаған. Тіпті әйелінің жағдайына да алаңдамайды», – дейді онколог дәрігер «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтуынша, мұндай оқиғалар көп кездеседі екен. Ол Қазақстанда әрбір үшінші еркек ракпен ауыратын әйелін тастап кететінін де айта кетті.

«Әрбір үшінші еркек ракпен ауыратын әйелін тастап кетеді. Ал әйелдер олай істемейді. Әр уақытта күйеуінің қасында жүреді, ол жазылғанша оған көмектеседі. Осынша жыл қызметімде әйелі күйеуін тастап кетті немесе баласыз, отбасысыз қалды дегенді естімедім. Біздің психологиямыз солай. «Жаман ауру» деп айтады. Егер жас келіншек ауырып қалса, онда онымен ешкім араласпай кетеді», — дейді Диляра Қайдарова.

Stan.kz

[:]