АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айсұлтан Назарбаев Лондонда бір оқиғаға тап болды[:]

[:kz]

Лондондық CourtNews.uk сайты Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев жергілікті полиция қызметкерлеріне ұсталғаны туралы ақпарат таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Айсұлтан Назарбаев өз-өзіне қол жұмсауға талпынған, алайда оған полиция қызметкерлері кедергі болды.

Құтқару кезінде Тұңғыш президенттің немересі қарсылық танытып, тәртіп сақшыларының біреуін тістеп алған.

«Айсұлтан Назарбаев Росс Сэмбрук (Ross Sambrook) атты полиция қызметкерін тістеп алғаны үшін жауапқа тартылды», — деп жазады британдық сайт.

Хабарламада 28 жастағы ер азаматтың қамауда отырғаны айтылды. Істі Саутуоркс корольдік соты қарастырады.

Жаңалықты қазақстандық блогерлер тез арада таратып жіберді. Түрлі YouTube және Telegram-арналарында Елбасы немересі оқиғасының бірнеше нұсқалары пайда болды.

Бірнеше басылымның тәуелсіз журналистері өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрді.

Кейбіреулері оқиғаның куәгерлерін тапқан.

«Строгий агашка» Telegram арнасы Айсұлтан мен оқиғаға қатысы бар, оның досы Азамат туралы нұсқасын жариялады.

Жігіттің сөзінше, сол күні Айсұлтан екеуі бірге кафеде түскі ас ішкен. Оған тамақтану кезінде қызы хабарласып пәтеріне кіре алмай тұрғандығын айтыпты.

Олар бойжеткенге көмектесу үшін шыққан.

Жігіттер діттеген жеріне келіп, кілтсіз пәтерді аша алмайтындары көз жеткізді.

«Мен не істеу керектігін білмей тұрғанда, досым тез арада шешім қабылдап үлгерді. Ол спортпен айналысқан жігіт. Айсұлтанның әскери дайындығы болғандықтан, досым пәтерге балкон арқылы кіруге оқталды. Бұл өз нәтижесін берді. Үш-төрт минуттан соң, біз пәтерде болдық», — деді Азамат.

Жігіттің сөзінше, Айсұлтанның балкон арқылы кіргенін көршілері байқап, полиция қызметкерлерін шақырған.

Олар тәртіп сақшыларын жағдайды қанша түсіндіріп көргенімен, нәтижесін бермепті.

«Біз тыңдағысы келмеді. Полиция қызметкерлері өте дөреке сөйлесті. Олар бәрімізді бөлімшеге алып кететін болып шешті», — деді Азамат.

Оның сөзінше, жергілікті тәртіп сақшылары «азияттық адамдарды жақсы көрмегендіктен» немқұрайлы тілдескен.

«Айсұлтан құрбысына көмектесуге тырысқанын қанша айтса да, пәтер иесінінің ешқандай шағымы болмаса да, полиция қызметкерлері оқиғаны билікке қарсы шығу деп бағалады. Нәтижесінде іс сотқа жіберілді», — деді ол.

 
 

[:]