АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған турнир»: Дариға Назарбаева Астанада жүр[:]

[:kz]

 

«Қаңтар қырғынан» кейін көзден таса болған Дариға Назарбаева елордада жүр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Ол 26-27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында Айсұлтан Рахатты еске алуға арналған «AR Cup 2022» жыл сайынғы балалар қайырымдылық футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттады.

Ktk.kz хабарлауынша,Айсұлтан Рахатты еске алу турнирі жыл сайын ұйымдастырылады.9-11 жас аралығындағы жеткіншектер өзара бақ сынасып, «Астана аренада» Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағандыдан келген кішкентай спортшылар ішінен чемпиондар анықталды. Олар «Арманда! Дос бол! Ойна!» ұранымен матч өткізді.  Оған Қазақстан біріншілігіне жасы жетпейтін, он бір жасқа дейінгі өрендер қатысады. Былтыр жарысқа тек астаналық командалар қатысса, биыл оған үш қаладан 10 команда келген. Осылай жыл сайын топтардың саны арта бермек.

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]