АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Айттым сәлем, Қаламқас»: Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде Абайдың әніне биледі [:]

[:kz]

Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сын бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олимпиада төрінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні де шарықтады. Қысқы бағдарламада сынға түскен латвиялық Денис Васильев жарысты осы әуенмен бастады. Атап айтар болсақ, Васильев Карл Дженкинстің «Sarakiz» және «Мононоке ханшайым» саундтрегі «The Battle Drums»-ті қысқы бағдарламаға таңдаған.

Түрлі әуендердің жиынтығынан құралған туынды Абай әнінен бастау алған. Мұны жарыс комментаторлары да атап өтті. Айта кетелік, Денис Васильев 1999 жылы Латвияда дүниеге келген. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Латвия біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы және Таллинде өткен Еуропа чемпионатының қола медаль иегері.

Назарларыңызға Денистің биылғы Еуропа чемпионатындағы қысқа бағдарламасын ұсынамыз:

kaz.nur.kz/

 

[:]