[:kz]
Сәбит Әбдіхалықов бірінші некесінен туған ұлын жер-көкке сыйғызбай мақтады.
Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаевадан туған ұлының суретін желіде жариялап, оны мақтай жөнелді.
«Асылжан әке ізін басып, өнер академиясында, режиссер мамандығына білім алуда. Азды-көпті студенттік жұмыстарын таспалап жүр.
Өз қолтаңбасы мен стилі аздап байқалады, қалыптасуда. Ұмтылысы көз қуантады.
Назарларыңызға Асылжанның карантин кезінде қазіргі актуалды тақырыпта, үй жағдайында түсірген «Карантин» деректі фильмін ұсынамын.
Қарап, өз бағаларыңызды берерсіздер», — деп жазды әкесі.
Желі қолданушылары Асылжанның еңбегін жоғары бағалап, оң бағасын беріп жатыр. Ал, кейбірі Алтынай Жорабаевадан туған қыздарының суретін неге жариялап, жиі еске алмайды деп сұрады.
«Талабына нұр жаусын. Айгүлде талантты, әрі еңбекқор жан, баласының қызығын көрсін», «Керемет әке көрген тәрбие нәтижесі. Ақ жол Асылжан жиеншар», «Асылжан анасынан аумай қалған», «Қыздарына көмектесе ме, жоқ па нелерің бар, ол өздерінің проблемалары ғой, ал Асылжанға жарайсың деймін», — деп жазды олар.
[:]