АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Әкесінің арманын орындаған танымал тележүргізуші елдің көзіне жас келтірді[:]

[:kz]

 

Танымал тележүргізуші Анна Данченко әкесінің арманын орындап, елдің жүрегін елжіретті. Ол сұрапыл соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде әкесінің ауыр балалық шағы, арманы жайлы әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

«Әкем Арал қаласында туып-өскен. Ұлы Отан соғысы аяқталып, қарапайым халық енді-енді басын көтере бастаған кез. Әсіресе, балалық шағы сұрапыл жылдармен тұспа тұс келген балаларға оңай болмады. Таңның атысы, күннің батысы үлкендерден қалыспай тер төкті. Шыны керек, барлығына тәртіп қатты, талап күшті болды.

Әкем ерте есейді. 14 жасынан бастап жұмыс жаса бастады. Өз әкесінен ерте айырылып, ер азаматтың барлық міндеттерін өз мойнына алды.

 

Бір күні көрші баланың қолынан көк түсті ойыншық көлікті көріп қалады. Ойыншық ойнайтын жаста болмаса да, оған қызығып қараған екен:

“Мен де осындай көліктің иесі болсам ғой, бірақ шынайы үлкен көлігім болса ғой”, — деп әлгі балаға айтқан екен», — дейді Анна.


Уақыт өте келе Аннаның ата-анасы үйленіп, үш баланы дүниеге әкелген. Алайда әкесі қанша жұмыс істесе де, автокөлік алатындай жағдайы болмапты.

«Анама да айтқан екен балалық арманы туралы. Өкініштісі, сол көк көлік арман болып қалды. Бізде ешқашан көлік болмаған. Бар тапқандарын әке-шешем бізге, балаларына жұмсады, оқытты-тоқытты.

Бұл әңгімесін Әкем осы келгенде ғана айтты. Сөйтіп, араға бірнеше күн салып @kiaqazaqstan маған жаңа KIA K 5 көлігіне тест-драйв өткізуге ұсыныс жасады.

Ал, енді автосалонға барып ұсынылған көліктің түсі көк екенін көрген кезде қатты таң қалдым. Анама алтын білезік сыйлап, әкемді қалай қуантсам екен деп жүргенде — бұл үлкен тосын сый болды.

Әкемді алдынғы орындығына отырғызып, Анашым екеуін кешке Медеуге апардым. Әкемнің сондағы сезімін, көз жасын айта алмаймын.Бала-арман! Көп нәрсе есіне түсті-ау деймін!

Өзі өмірінде рөлге отырмаған. Бірақ жаңа автокөліктің ішінде отырып, жан-жағына қарап, соңғы технологияларына таң қалып үйге риза болып қайтты», — дейді Данченко.

Анна тест-драйв біткен соң, көлікті қайта салонға өткізген. Есесіне әкемнің эмоциясы мәңгі өзімен қалары сөзсіз, дейді тележүргізуші. 
Желі қолданушылары Аннаның хикаясына тәнті болып, көздеріне жас алғандарын жеткізді.

 

 
 

[:]