АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды[:]

[:kz]

Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты.

Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды деп хабарлайды Қазақпарат.

Жеңісбек Пиязов 1988 жылы Нөкіс қаласында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, екінші сыныпта оқып жүрген кезінен бастап тойларда ән салған. Алайда, ол әнші емес, атасы сияқты актер болуды армандайды. Басылым дерегінше, бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің қаулысымен Жеңісбек Пиязовқа «Өзбекстан халық әртісі»атағы берілді.

Қандасымыз 33 жасында осындай құрметті атаққа қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, өнер иесі Қарақалпақстанның еңбек сіңірген әртісі. Одан бөлек, Жеңісбек Пиязов Ла-Скалада өнер көрсеткен тұңғыш орта азиялық әнші.

Айта кетейік, Жеңісбек Пиязовтың арғы атасы Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұрған.

 

kaz.nur.kz

 

[:]