АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]«Әкім джиппен жүреді, ал балаларға мектепке баратын көлік жоқ. Осы дұрыс па, Смайылов мырза?!» — Айгүл Орынбек[:]

[:kz]

 

Халықтан тасымалдау көліктеріне шағым көп. Яғни тасымалдау көліктері жетіспейді деп хабарлайды  sn.kz

Премьер министр Әлихан Смайылов мырза!

Шымкенттің Экономикасына “ жоғары” деп баға берген екенсіз, мегаполис тұрғындарының өмір сүру деңгейіне де назар аударыңыз!

Қаланың жерлерін оңды солды сату экономиканы көтеру болып табыла ма сіз үшін?!
Халықтан тасымалдау көліктеріне шағым көп. Яғни тасымалдау көліктері жетіспейді.
Әкімге жаза-жаза шаршаған халық!

Мүмкін сізге үндеу жіберу керек шығар?!
Әкімдердің қызметтік джип көліктерін алып қойып, мына балақайлармен бірге автобусқа отырғызыңыз!

Әділетті Қазақстанда бәрі әділ болу керек!

Әкім джиппен жүреді, ал балаларға мектепке баратын көлік жоқ! Осы дұрыс па?! 
Сосын әкімдердің жазып берген шимайларын ғана қарап баға бермей, халықтың шағымдарына да көңіл бөліңіздер!

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан     
 

 

[:]