[:kz]
Композитор Қалдыбек Құрманәлі көптен бері көрінбей кеткен әнші Ералхан Әбішевтің қазір қайда, немен айналысып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қалдыбек Құрманәлі өзінің Instagram парақшасында әнші Ералхан Әбішевті ауылға арнайы іздеп барғанын жеткізді.
«Аққуым, менің қайдасың? Осы әнді естімеген жан кемде-кем шығар-ау? Мен аққуды емес, осы әнді орындап, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ералхан дос-ағамды іздеп, Бадам ауылының маңында орналасқан қыш зауытына бардым. Көріспегенімізге де көп уақыт өтіпті. Сағынысып, алып-ұшып қауыштық. Ол — кірпіш зауытында концерт бергелі жүрген жоқ. Ол — осы зауыттың білдей бас директоры», — деп жазды композитор желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол әншінің қыш зауытына директоры болғанына қатты таңғалған. Айта кетсек, Ералхан Әбішев біраз жыл Алматы қаласындағы Студенттер сарайының директоры, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі директорының орынбасары секілді қызметте болған. Оның орындауындағы «Ақуым менің», «Ауылым», «Айналайын, айнам-ай», «Сағынышым менің» атты әндері елдің есінде.
[:]